05.08.15

2015 жылдың тамыз айының 1 жұлдызында Медеу ауданының қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімі, Алматы қаласының қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімі, КММ «Медеу» паркі, Медеу ауданының төтенше жағдай бөлімі, «Алматы Ақшамы және Вечерняя Алматы» БАҚ өкілдері, «Медеу ауданының табиғатты қорғау полициясы, Медеу ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімі қызметкерлерімен бірлесе «Медеу» шатқалында бекітілген «нольдік шыдамдылық» акциясы өткізілді.

Акция барысында ашық отта тамак қолданылғаны үшін  жеке тұлғалаларға ескерту хаттмалары толтырылып ескертпе қағаздары таратылды.

2015 жылдың басынан бері әкімшілік кодекстің 505 бабына сәйкес сенбі, жексенбі және мейрам күндері «Медеу» шатқалында, «Бутаковка», «Қазақ ауылы» және Горная көшесінің аумақтарында Медеу ауданының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлесе, ашық отта тамак, кәуәп пісірмеуін  және тұрмыстық қоқыс қалдықтарын тастамауын қадағалау және азаматтар тарапынан көріктендіру ережесін сақталуын бақылау мақсатында кезекшілік жұмыстары жүргізіліп, 91 хаттама рәсімделіп, 634 240 теңге сомасында айыппұл салынды, ал 75 жеке тұлғаларға ескерту хаттамасы толтырылды.

Қазіргі уақытта, Медеу ауданының қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімі уәкілетті органдармен бірлесе отырып, қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу бойынша жұмыстарды белсенді түрде жалғастыруда. 

05.08.15 1